
23 қарашада Өскеменде Куленов кентінде әйел адам сақинаны киіп көрмек болған, бірақ кенеттен саусағы ісіп кетті. Жағдайды ушығатынын білген соң ол құтқарушылардан көмек сұрады. Мамандандырылған жасақ қызметкерлері құралдардың көмегімен саусағын ақырындап босатты.
Түнгі сағат 03 шамасында Өскеменде Высоковольтная көшесінде ит қақпанға түсіп қалған екен. Оның қыңсылағанын естіген куәгер "112" қызметіне жүгінді. Оқиға орнына келген құтқарушылар мүмкіндігінше жақындау үшін жануардың назарын аударып және ілмекпен іліп алып қақпанды ашып, итті "түрмеден" босатты.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.