
"Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында" ШҚО ТЖД құтқарушылары ТЖ кезінде жүріс-тұрыс ережелері бойынша жаттығулар өткізді. Іс жүзінде оқушылар оқу орнының ғимаратынан эвакуациялау бойынша нормативтерді пысықтады.
"Балалар төтенше жағдайлардан ең аз қорғалған, сондықтан үйде де, мектепте де олар түтін немесе басқа жағдайдың алғашқы белгілерінде ешқайсысы сасқалақтап қалмасы үшін олармен бірге тәжірибеде қолданатын дағдыларды қажет етеді", - деп түсіндірді Өскемен қаласы ТЖ басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко.
Балалар мамандарды мұқият тыңдап, сұрақтар қойды.
Балалармен бірге ТЖ қызметінің мамандары өрт және жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелерін, шұғыл қызметтерді шақыру нөмірлерін қайталады, оқушыларды төтенше жағдайдағы ережелермен ойын түрінде таныстырды.
Оқушыларды құтқарушылардың арнайы техникасы таң қалдырды. Оқушыларға өрт сөндірушілердің жауынгерлік құралдарын киіп көруге рұқсат етілді.
Кездесу балалар үшін қызықты әрі пайдалы болды: олар қауіпті жағдайлардың туындауына жол бермеу, отпен ойнамау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу қандай зардаптарға әкелуі мүмкін екендігі туралы толығырақ білді.
Мұндай қауіпсіздік сабақтары өңірде тұрақты негізде өтеді. ШҚО ТЖД қызметкерлері мектептерге, балабақшаларға және басқа да білім беру нысандарына барады.
Кездесу барысында балалар құтқарушылардың төрт аяқты "әріптесі", "Геля" атты іздеу итімен де танысты.
Инспекторлық құрам ғимараттың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәніне тексеру жүргізді. Өрт сөндіру құралдарының болуы, автоматты өрт дабылының жұмысқа қабілеттілігі, шатырлардың, жертөле үй-жайларының және жертөле қабаттарының жай-күйі тексерілді