
Дәстүр бойынша ол қарашадан сәуір айына дейін жалғасады. Облыс аумағында 497 қар көшкіні алаптары тіркелген, оның ішінде 325 ошақ 71 объектіге қауіп төндіреді, оның ішінде 44 тұрғын үй, 93 км автокөлік жолдары, оның 15 км - республикалық маңызы бар жолдар, 78 км - облыстық маңызы бар жолдар. Ең қауіпті бағыттар Өскемен-Самар 95-102,132-137 км, Өскемен - Таулы Үлбі 30-37 км, Өскемен-Северное-Серебрянск 58-65 км. 5 демалыс базасы көшкін қаупі аймағы бар өңірде Риддер қаласында - 2, Таулы Үлбі - 3 орналасқан. Облыстың қызмет көрсетілетін аудандары бойынша 20 қар өлшегіш-көшкін маршруттары әзірленді, онда көшкін алаптарында «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының бақылаушылары қызмет көрсететін 160 қар өлшегіш рельстер орнатылды. Облыстың таулы және тау бөктеріндегі аумақтарының мониторингі «Қазгидромет» РҚК-мен жергілікті келісім негізінде жүзеге асырылады. Орталық диспетчерлік пункті жағдай туралы ақпаратты жинайды, өңдейді және талдайды, сондай-ақ қауіпті табиғи құбылыстар мен ТЖ туралы мәліметтерді өңдейді, содан кейін деректерді Алматы қ. бас диспетчерлік пунктіне және ШҚО ТЖД ДЖБ-ға береді.
«2022 жылдың жазғы кезеңінде Алтай ауданында және Катонқарағай ауданында 70 дана көлемінде қар ұстайтын қалқандар жөнделіп, қалпына келтірілді. 2022-2023 жылдарға арналған қар көшкіні қаупі бар кезеңге облыстың халық қауіпсіздігі мен инфрақұрылымын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда, оның ішінде көшкін қаупі бар 20 учаскілерінде «Абайлаңыз көшкін қаупі бар учаскесі» 40 дана көлемінде ақпараттық ескерту қалқандары орнатылды. Көшкін қаупі бар аудандардың әкімдіктерін, объектілері мен құрылыстары көшкін қаупі бар аймақтарда орналасқан ұйымдардың басшылары мен жеке үй иелерін хабардар ету тұрақты негізде жүргізіледі», - деп түсіндірді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
* Облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі сақталады.* ШҚО ТЖД таулардағы демалыс әуесқойларына сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді. «Тауға шығу кезінде тіркеліңіз, алдағы екі күнде күтілетін ауа-райы болжамымен танысыңыз және, әрине, барлық қажетті жабдықтарды, құрылғыларды, жылы киімдерді, азық-түліктерді және тауда қажет нәрсенің бәрін алып жүріңіз, егер сізді қауіп күтіп тұрса, онда сіз дайын болуыңыз керек», - деп ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дина Бексұлтанова атап өтті. Қар көшкіні адамның шуы мен айқайынан шығуы мүмкін. Егер сіз адамның қар көшкінінде қалуына куә болсаңыз, келесі әрекеттерді орындаңыз: адамды соңғы рет көрген жерді есте сақтаңыз және сол жерді белгілеңіз. Құтқарушыларды шақырыңыз. Қар көшкінінің қозғалысы бойынша төменгі жағынан жоғалған адамды іздеңіз және оны тапқаннан кейін, ең алдымен, басың босатыңыз, аузың және тыныс жолдарың тазалаңыз. Жүректің тоқтау белгілері болған кезде реанимациялық шараларға кірісіңіз. Қар көшкінінің салқыны одақтас екенін ұмытпаңыз. Ол клиникалық өлім уақытын ұзартады. Егер зардап шегуші есінде болса, оны жылытып, ыстық сусын беріңіз. Қауіпті болдырмау үшін тауға шықпас бұрын көшкін қаупі туралы дауыл туралы ескерту бар-жоғын тексеріңіз. Мұны тегін «Дармен» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы жасауға болады. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі