Құтқарушылар ота жасалған елікті тасымалдауға көмектесті

Құтқарушылар ота жасалған елікті тасымалдауға көмектесті

Бүгін ШҚО ТЖД құтқарушыларының ерекше шақырту алды. Оларға "Дворянин" қоғамының жергілікті зооқорғаушылары өтініш білдірді. Бажов көшесінде полиция қызметкерлері пышақтан жарақаттанған  елікті тауып алып, оны "ZOOVITA" клиникасының ветеринарларына жеткізді, операция жасағаннан кейін жануарды хайуанаттар бағына жеткізу керек болды. Дәл осы жерде "Малахит" деген атқа ие болған еліктің сауығып кетуіне барлық жағдай жасалған. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келді, олар "зардап шегушіні" хайуанаттар бағына дейін абайлап тасымалдауға көмектесті.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.