
Өскемен қаласының мектептерінің бірінде оныншы сынып оқушысының саусағы кранға қыстырылып, кептеліп қалған. Осы жағдайда ол өз бетінше шеше алмағандықтан көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Құрал-саймандардың көмегімен кранды кесіп алып, оқушының саусағын босатты.
«Зардап шегушінің» сөзінше ол саусағын кранға тығып, кептеліп қалған, оны байқаған сыныптасы педагогтарға хабарлады, олар өз кезегінде құтқарушыларды шақырған.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарлаңыз.