ШҚО құтқарушылары жолда адасып кеткен адамды тапты

ШҚО құтқарушылары жолда адасып кеткен адамды тапты


      12 қараша күні кешке ер адам "Уаз"автокөлігімен Өскемен қаласынан Қызыл Су ауылына қарай бет алды. Сол кеткен бойда межелі жерге жетпеген және ақпарат болды.  достары дабыл қағып, олар бір күн бойы жолдасын күтпей, құтқарушыларға жүгіну туралы шешім қабылдады. Іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын "Трекол" техникасымен барды. Жоғалған ер адам Ұлан ауданының Қойтас ауылы мен  Саратовка ауылы арасындағы жер учаскесінде қарда қалып қойған көліктен табылды. Құтқарушылар көлікті қазып алуға көмектесті және жүргізушіні трассаға дейін ертіп барды, сонда ол өз жолын жалғастырды. Оған медициналық көмек қажет емес еді.
       Бір күн бұрын ШҚО-да дауыл туралы ескерту жарияланды, бұл туралы ШҚО ТЖД қызметкерлері хабарлады. Құтқарушылар ауа-райының қолайсыз болжамымен сапарды кейінге қалдырған дұрыс деп кеңес береді. Егер бұл мүмкін болмаса, дайындалу керек. Көліктің техникалық күйін тексеріңіз. Туыстарыңызға және жақындарыңызға сапарыңыз және баратын жеріңізге келу уақыты туралы хабарлаңыз. Жүру бағытын зерттеңіз. Ауа райы жағдайларын "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады. Қозғалыс үшін үлкен  магистральдарды таңдаған дұрыс. Байланыс құралдарын, кабельді, зарядтағыштарды және оларға қосалқы батареяларды алып жүріңіз. Жолда фонарь да пайдалы болуы мүмкін. Азық, сіріңкелерді және жылы киімдерді, сондай-ақ жол бойындағы кафелерде толтыруға болатын ыстық шай кұятын термос алыңыз.  резервуарға бензинді толтырып құйып, қосалқы канистрді өзіңізбен бірге алыңыз.
      Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз. Дауыл туралы ескерту кезеңінде-үйде болыңыз.