Жас құтқарушылардың күзгі демалысы

Жас құтқарушылардың күзгі демалысы

2022-2023 жылғы күзгі каникул күндерінде «№ 29ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының педагогтары балаларды тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен таныстыру және оқыту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді.
Бірінші кезекте балалар ШҚО ТЖ «Апаттар медицинасы» орталығына барды. Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Апаттар медицинасы» орталығының дәрігерлері «мастер-класс» көрсетіп, балалардың қызығушылығын тудырды.
            Дәстүрлі түрде балаларға, Өскемен қаласының № 6 өрт сөндіру бөліміне барып, ШҚО өртке қарсы қызмет мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылды. Мұражайда балалар өрт сөндіру тарихымен, заманауи өрт сөндіру құралдарымен, өрт сөндірушілердің батырларымен танысты.
            ТЖ департаментінің спорт кешеніне бару үлкен қызығушылық тудырды, ол жерде балалар өрт-құтқару спортында өз күштерін сынап қана қоймай, «Жас құтқарушы» орталығының спорт секцияларына жазыла алды.
            Демалыс өте мазмұнды, қызықты және пайдалы өтті. Өткізілген іс-шаралардың арқасында балалар ТЖ кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы көп нәрсе білді.

«№29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығы
--