Көмек күткен мысықтар

Көмек күткен мысықтар

ШҚО ТЖД құтқарушылары "пушистиктерді" бірден екі марғауды құтқару бойынша операция жүргізді.

Өскеменде иелері ұмытып кеткен мысық балконда үш күн отырған. "Көмек сұрап мияулаған" дауысты естіген  көршілер аяушылық білдіріп, құтқарушыларды шақырды. Арқанның көмегімен ТЖ қызметкерлері қатты қорыққан мысықты жерге түсірді.

Екінші жағдай Шемонаиха қаласында болды, мысық ағашқа тым жоғары көтеріліп, сол жерде бір күн отырғаннан кейін көмек шакырып "сигнал бере" бастады. Жуков көшесінің тұрғыны "112" қызметіне жүгінді.
Оқиға орнына келген  28-ӨСБ қызметкерлері биіктікке көтеріліп, арқандардың көмегімен жануарды құтқару операциясын сәтті жүргізді.
ШҚО ТЖД қызметкерлері біздің кішкентай бауырларымызды құтқару туралы жақсы әңгімелердің кейіпкерлеріне айналады. Өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің негізгі міндеті адамдарды құтқару болса да, қиындыққа тап болған жануарға көмектесуден бас тарту адамгершілікке жатпайды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз