
Оқиғаға куә болғандар мысыөтың жалынышты дауысын естіген кезде құтқарушыларды шақырған. Абай даңғылы маңында оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар мамандары жануардың технологиялық шахтада кептеліп қалғанын көрген және ол жердің өте тар болуы және шығып тұрған арматура кедергі келдірді. Құтқарушылар «тұтқынды» алып шығу үшін ауысымдағы ең тәжірибелі және епті маманды таңдауына тура келді. Советов Аслан альпинистік құрылғылардың көмегімен тереңдігі шамамен 7 метрлік шахтаға түсіп, төртаяқты «үлпекті» рюкзакқа салып, алып шықты.
Құтқару операциясы үшін алаңдап тұрған оқиға куәгерлері марғауға тамақ беріп, еркелетті.
Төтенше жағдайлар кезінде112-ге хабарлаңыз