
Бір ай бұрын ғана Глубокое ауданының ТЖБ қызметкерлері орнатқан улы газ хабарлағышы үш баласы бар отбасын құтқарып қалды. Оқиға өткен демалыс күндері болған, 29 қазанда Верх-Березовка ауылындағы Куйбышев көшесінде шамамен түнгі 2-лер шамасында хабарлағыш іске қосылып, үй тұрғындарын оятқан. Төрт ересек және үш бала бірден «қауіп аймағынан» далаға жүгіріп шығады. Шатыр астындағы түтінді байқаған 23 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп жетті. Құтқарушылар түтінді сору жұмыстарын жүргізді.
Үй иесінің айтуынша құрылғының кенеттен шыққан дыбысы жедел ден қойып, аман қалуына себепші болған.
«Жыл сайын осындай «құтқару механизмдері» әлеуметтік қорғалмаған отбасыларына орнатылады. Биылғы жылы жылыту маусымы алдында Шығыс Қазақстан аумағындағы 3000 отбасы қамтылды» - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Улы газ хабалағышы бүгінгі күні танымал болуда. Олардың көмегімен пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерімен пайдаланылған кезде бөлме ішіне толатын көзге көрінбейтін, иісі білінбейтін улы газға бақылау жасауды қамтамасыз етуге болады.