Өскеменде "шұңқырға түскен сиыр" атты арнайы операциясы өткізілді

Өскеменде "шұңқырға түскен сиыр" атты арнайы операциясы өткізілді

Бүгін тағы да құтқарушылардың көмегі сиырға қажет болды. Жануар шіріген тақталармен жабылған шұңқырға артқы тұяқтарымен түсіп кеткен екен.  Ол өздігінен шыға алмай,  сарыла көмек күткен еді. Высоковольтная көшесінің тұрғындары оны өз бетінше шыға алмасы түсінгендікен құтқару қызметіне жүгінді.  Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері жанауарды бүк түсіріп жатқызу үшін алдымен "тайыншаның" айналасын қазып алды. Содан кейін жануарға зиян келтірмеу үшін ақырындап сүйреп, сүйреп соңында "зілдей" жануарды шұңқырдан шығарып алды. Бостандыққа шыққаннан кейін сиыр асықпай, маң-маң басып тайып тұрды.

"Бүкіл операция жарты сағаттан аспады. Бұл қиын болды, өйткені сиырдың салмағы аз емес еді, бірақ оған қарамастан «тұтқынды» шұңқырдан мүмкіндігінше мұқият алып шығуға тырыстық", - дейді ШҚО ТЖД құтқарушысы Олег Бердюгин.

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі