
Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнін мерекелеу құрметіне «№29ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының педагогтары 6-7 сынып оқушылары арасында «Біздің заманымыздың батырлары –құтқарушылары» тақырыбында сурет байқауын өткізді.
Байқаудың міндеті-өрт сөндірушілердің қажырлы еңбегін балалардың көзімен көрсету және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Байқауға қала мектептерінен 71 дана сурет жұмыстары ұсынылды, олар: № 1, 4, 10,16,19, 22, 26, 29, 36, 37, 39, 42 және «Алтын дан» балабақшасы. Балалар түрлі материалдарды қолданып: қарындаш, пастель, акварель, гуашь, сәндік материалдарды пайдалана отырып, өз жұмыстарын дайындадап әкелді.
19 қазанда, қазылар алқасы жұмыс тақырыптың толық ашылуын, өзіндік ерекшелігін, көркемдік орындалуын бағалады.
Қазылар алқасы қорытындысы бойынша, орындар келесідей бөлінді:
Гран-при № 16 мектептің 7 «А» сынып оқушыларының ұжымдық жұмысын, №26, 29 және 37 мектеп оқушыларының арасында бірінші орынды иеленді, екінші орын - №39, 19, 10 мектептердің жұмыстары, үшінші орынды №1 және №42 мектеп оқушыларының жұмыстары иеленді.
«Алтын дан» балабақшасының балалары мен педагогтарына ерекше алғыс білдіреміз
Ең үздік жұмыстар құтқарушылар профилактикалық рейдтер жүргізу кезінде пайдаланатын халық үшін жадынамалар жасау жобалары болады.
Байқау жүлдегерлері ТЖ департаменті басшылығының қолымен қойылған грамоталармен марапатталды.