
Төтенше жағдайлар департаментіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев келіп, жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
"Құрметті құтқарушылар, қызметкерлер және қызмет ардагерлері! Сіздерді кәсіби мереке – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіз өзіңіздің жеке адалдығыңыз және үлгілі шыдамдылығыңызбен құтқарушылар арасында кездейсоқ адамдар жоқ екенін күн сайын дәлелдейсіз. Сіз үшін бұл жай ғана мамандық емес, бұл кәсіп. Өзіңізді аямай батылдық танытып сіз қиындыққа тап болған адамдарға бірінші болып көмекке келесіз. Ағымдағы жылы ШҚО ТЖД бөлімшелері су тасқынымен күресіп, елді мекендерді өрттен құтқарды, барлығы 4000-нан астам шығу жүзеге асырылды, 660 адам құтқарылды және эвакуацияланды. ШҚО ТЖД қызметкерлері 70-тен астам орман өрттерін сөндіруге қатысқанын ерекше атап өтемін. Сізге шын жүректен төзімділік, мықты денсаулық, бақыт, қиын және қауіпті жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Әрқайсыңызды үйде күтеді, әрқашан аман-есен оралыңыз. Мереке құтты болсын!",- деп атап өтті Ержан Нұрбаев.
Облыс әкімі Даниал Ахметовтің атынан жанқиярлық, батылдығы мен ержүректігі үшін аймақтың 17 құтқарушысы мен өрт сөндірушісі марапатталды. Қазақстан Республикасы ТЖ Министрінің бұйрығымен ШҚО ТЖ департаменті бөлімшелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне атақтар берілді, ведомстволық наградалармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ержан Нұрбаев ТЖ қызметінің офицерлерімен және ардагерлерімен бірге қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандарды еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.