Бүгінгі күннің видеосы: құтқарушылар ұңғымадан күшікті алып шықты

Бүгінгі күннің видеосы: құтқарушылар ұңғымадан күшікті алып шықты

Глубооке ауданында «Орленок» бақша қоғамының аумағында күшік ұңғымаға түсіп кеткен. Оның жанұшыра шыққан даусын көрші учаскедегі көршілер естіп, құтқарушыларды шақырған. ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жеткенше тұтқынға түскен «үрпек сәбидің» жанында Хаски тектес анасы уайымдап жүрген. Күшікке қауіп төніп тұрған еді. ТЖ кәсіби мамандары «тұтқынды» жануарларды аулауға арналған ілмекпен «іліп» алып құтқару операциясын сәтті аяқтады.