Екі айлық күшіктер шұңқырдан шығарылды

Екі айлық күшіктер шұңқырдан шығарылды

Өскемендегі Бажов көшесінде төрт күшік шұңқырға түсіп, "тұтқынға" түскен еді. Жақын жерде орналасқан дүкен сатушылары олардың қатты ұлыған дауысын естіген екен.Олар дереу құтқарушыларды шақырды.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тереңдігі 2,5 метрге жуық шұңқырдан бірінен бірі өткен сүйкімді екі айлық күшіктерді алып шықты. Дүкен сатушылары төрт аяқты "сәбилерге" сүт беріп, құтқарушылар оларды қорапқа салып берді. Қалада жануарлармен айналысатын еріктілер оларды паналауға уәде берді. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.