"Матрушка" сиыр қамаудан босатылды

"Матрушка" сиыр қамаудан босатылды

Риддер қаласында Матросов көшесінде сиыр шұңқырға түсіп кеткен. Көршілері оны тауып алып дереу иесіне хабарлап, олар болса құтқарушылардан көмек сұраған, бұған дейін иелері жоғалған жануарды 2 күн таба алмай ыздеген екен. Белгілі болғандай, сиыр жол бойындағы  жайылымнан шамамен 2,5 метр тереңдікте шұңқырға құлаған. Оқиға орнына келген 1-МӨСБ құтқарушылары арқанның көмегімен жануарды мұқият шығарып алды. ТЖ қызметкерлері атап өткендей, "Матруша" барлық құтқару операциясына мойынсұнып, көмектесуге ықпал етті, сондықтан ол оңай және жедел өтті.
ШҚО ТЖД еске салады: төтенше жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.