
Сайлаубаев Бекжан-Өскемен қаласының №8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы-2017 жылдан бастап өзі жұмыс істейтін бөлімнің жұмысы туралы кәсіби бейнероликтер түсіреді.
Мобилография-бұл оның хоббиі: Бекжан түрлі форматта түсіреді, өзі монтаждайды және барлық материалды тікелей сол жерге барған кезде жинақтап, содан кейін өрт сөндіру бөлімінің Instagram парақшасында жариялайды.
Ол өзінің жарияланымдарында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы өте күрделі және қауіпті екенін көрсетуге тырысады.
"Бір медальдың екі жағы бар, біздің мамандығымыздың өз қиындықтары мен қауіптері бар", - дейді Бекжан. - Мен жұмыс күндерімізді өз көзіммен көргенді және бастан өткенімді көрсетуге тырысамын. Жауынгерлік кезекшілікке кіріскен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күн сайын басқаларды құтқару үшін өз өмірлеріне, денсаулығына қауіп төндіреді. Мысалы, қазір өрт қауіпті маусымда, орман және дала өрттері өршіп тұрған кезде, жігіттер бірнеше апта жұмыс істейді, түнде ұйықтамайды, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін отпен күреседі".