
Құтқарушы – батыл, қиын, жауапты, ер азамат мамандығы. Бірқ ТЖМ жүйесінде күрделі де жауапты техникалық және ұйымдастырушылық міндеттерді атқаратын, басқару және көмекші органдарында жұмыс істейтін әйелдер бар. Ерлермен бірге Төтенше жағдайлардық салдарын жоюды, құтқару жұмыстарын қадағалайды, отқа да суға да түседі. Өйткені ТЖМ жүйесінде дспетчер әйел қызмет етеді. Олар жәй ғана қызмет етіп қоймай, екр азамат әріптестерімен бірге ерліқ жасайды.
Радиотелефоны Имашева Фарида Оралканқызы құтқарушылар қатарына жақында ғана кірді, бірақ бала кезінен бері форма киюді армандаған. Фариданың есіне бала кезіндегі бір оқиға түседі, бір кездері көршілерінде шөп өрттеніп, қиындыққа тап болды, өрт сөндірушілер келіп өте тез және жақсы үйлесімді сөндірді. Сол кезден-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың батылдылығы мен ерлігіне тамсанды, олар құрметке лайық.
Фарида жай ғана радиотелефоншы емес, сонымен қатар екі керемет қыздың анасы және қызығарлық хобби иесі, балалар ойыншықтарын тоқиды. Сонау студенттік шақтан бері тоқумен және тігумен қызыққан, ал біраз уақыттан кейін интернеттегі бейнесабақтардың арқасында мультфильмдегі әр түрлі кейіпкерлер мен жануарларды тоқып үйренді. Қазір Фарида бұл қызықты істі шебер меңгерген. Фариданың айтуы бойынша тоқыма көп уақыт пен материалды қажет етеді, бірақ өз ісіңді жақсы көріп беріле істесең ол тек ләззат әкеледі. Мысалы, қарапайым ойыншықтарды тоқуға 1-2 күн кетеді, ал түрлі түсті жіптер мен қиын бөлшектерді қажат ететін единорог, бұғы сияқты персонаждарды тоқуға әрине 5 күнге дейін уақыт кетеді, сонымен қатар жұмыс уақыты ойыншықтың қиындығына ғана емес көлеміне де байланысты.
Осылайша азаматтық қорғаныс қатарында жай ғана құтқарушылар емес, сонымен қатар шығармашылық адамдар да қызмет атқарады.