Өрт сөндіруші Александр Токарев туралы аңыздар айтуға болады. Оның тағдырында ол бірнеше рет өз өмірін қатерге тіккен...
Өрт сөндірушілер қатарына 2001 жылы келді. Әскерден кейін ол мамандыққа кездейсоқ түсіп, көптеген жылдарға созылып кеткенін еске алады.
"Жалпы 500-ге жуық өртті сөндірген шығармын, бәрін нақты айта алмаймын. Күніне 8 –ге жуық өртті сөндірген кездер болған, көптеген өрттер, өрт қауіпті кезеңде болады",-дейді Риддер қаласының 1-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға сержанты Александр Токарев.
"2011 жылы орман өртін сөндіруге қатыстым. Сол кезде орманшылармен бірге бірнеше күн бойы отқа тойтарыс бердік. Қорқынышты болды, бірақ бізден басқа кім істейтін еді? Көмекке Өскемен қаласындағы әріптестер, өрт сөндіру пойызы келді. Жалпы күш-жігермен жалын тынышталды. 2003 жылы менің екінші туған күнім шығар. Мен ол кезде қалай өлмегенімді білмеймін. Шаруашылық ғимараттары өртеніп жатты, біз сол ғимараттан 10-ға жуық газ баллондарын шығардық, бірақ бәрібір бір газ баллон жарылды, менің сол кезде жолым болып, дін-аман қалдым. Мен сол кезде қалай жасырынып үлгердім, өзім түсінбей қалдым. Бәрі мені көйлекпен туған деді. Тағы бір жағдай 3-ші шағын аудандағы пәтерде болған қатты өрт. Қарауылмен бірге 3 ер адам мен әйелді оттан құтқарып алдық. Жалынның температурасы қатты болғаны соншалық, газ маскасы бетке "жабысып қалды",- дейді Александр Токарев.
Токаревтер отбасында үш баласы әкесінің кәсібін құрметтейді. "жұмыстағы үлкен тәжірбиеме қарамастан, кезекші ауысымда болған кезде мен үшін олар үнемі алаңдайды", - дейді 1- МӨСБ-өрт сөндірушісі.
"Жұмыстан тыс уақытта және тыныш күндерде мен аң аулауды жақсы көремін. Бұл мені қарапайым емес мамандықтан алшақтатады", - дейді Александр.
- Сіздің мамандығыңыз жиі ерекшеленеме…
- Иә. шын мәнінде ол ең ауыр жұмыстың бірі.
- Бірақ, сонымен бірге құтқарушы бірдеңе істей алады, көмектесе алады.
- Не айтайын, жұмысым ұнайды. Шындығында, оның нәтижесі жағымды. Сіздің алдыңызда зұлымдық тұрады, бірақ нәтижесінде бір жақсылық болады. Мүмкін бұл адамдардың құтқарушыларға баруының себебі шығар.
- Өрт сөндіруші қандай қасиеттерге ие болуы керек деп ойлайсыз?
- Батылдық, батырлық, көмектесуге дайын болу және апат болған кезде бетпе-бет келетін адамдарға деген көзқарасы. Өрт кезінде қобалжуға және үрейленуге болмайды. От апатымен күресте табысты жұмыс кепілі -суыққандылық және байсалдылық.
- Сіздің жұмысыңыздағы ең қиыны не?
- Біздің мамандықта-барлау, өйткені қиын жағдайларда кедергілер болуы мүмкін.
- Сіз сияқты мамандық алғысы келетіндерге не туралы ескерткіңіз келеді?
- Біздің мамандықта кездейсоқ адамдар жоқ. Мұнда жан тәніңмен беріліп қызмет ету қажет. Осы мамандықтың жанкүйері болу, басқаша болу мүмкін емес.