
Күршім ауданында "Батин шоқылары" аралында резеңке қайықпен балық аулауға барып, дауылға ұшыраған ерлі-зайыптылар кайта алмаған. ШҚО ТЖД құтқарушылары бұдан бұрын екпіні 20 м/с дейін жететін қатты жел туралы ескертті. Ерлі-зайыптылар төтенше жағдайға тап болып, құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына келген Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері азаматтарды жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет емес еді.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. Балық аулауға бара жатып, "Дармен"мобильді қосымшасында ауа-райы болжамын алдын-ала нақтылаңыз. Ешбір жағдайда дауыл мен қараңғыда қайықтармен су айдындарына шықпаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет