Кезекті жол апаты Шығыс Қазақстан құтқарушыларының көмегінсіз болмады

Кезекті жол апаты Шығыс Қазақстан құтқарушыларының көмегінсіз болмады

     Бүгін Шемонаиха қаласынан шығар жерде  жол-көлік оқиғасы орын алды. "Chevrolet" маркалы автокөлік кюветке ұшып кетті. Нәтижесінде көлік құралының салонындағы 1988 жылы туған әйел жүргізуші қысылып қалған. Оқиға орнына жедел келген №28 ӨСБ қызметкерлері автокөліктің есігін ашып, әйелдің қысылған аяғын босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады.
    Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.