
Мен, Үлкен Нарын ауылының 26-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысымын, азаматтық қорғау сержанты Қабидолда Диас. Менің жұмысым - бұл өрттерге шығу, тікелей өрт сөндіру, кезекшілік, авариялық-құтқару жабдығына техникалық қызмет көрсету. Сондай-ақ, мен бөлімше ауданындағы жедел жағдаймен танысамын. Мамандықта мені, өрт сөндірушінің жұмысына деген құрмет, адамдарды табиғи апаттардан құтқару мүмкіндігі қызықтырады. Өрт сөндіру командасының жұмысы әрдайым жылдам және нақты ұйымдастырылған. Бұл командаға деген құрмет сезімі, біртұтас организмнің бір бөлігі ретінде, әркім өз функцияларын орындайды – Диас өз ойларымен бөлісті.