Егер біздің телефон үнсіз болса, онда шығу аймағында бәрі жақсы деген сөз

Егер біздің телефон үнсіз болса, онда шығу аймағында бәрі жақсы деген сөз

 

«Егер біздің телефон үнсіз болса, онда шығу аймағында бәрі жақсы деген сөз», –радиотелефонист Анастасия Масеева жұмыстағы күнделікті өмірі туралы.
Жасыл форма, кіші сержанттың погондары, иығында «Қазақстан Республикасы ТЖМ» шевроны, кеудесінде «А.А. Масеева» деген тегі бар жапсырма. Анастасия Анатольевна -Верх-Березовка к. 22-ӨСБ радиотелефонисі. Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп интернатының түлегі, спорттық мансабын жалғастыруды армандаған, өйткені оның есебінде көптеген жоғары жеңістер мен марапаттар, сондай-ақ СШК спорттық разряды болған. Бірақ тағдыр басқаша шешілді, жарыстардың бірінде Анастасия ШҚО ТЖД жаттықтырушыларының көзіне түсті, олардың шақыруы бойынша ол түрлі жарыстарда ШҚО намысын қорғай бастады, содан кейін азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасты, содан бері 13 жыл да зымырап өте шықты. ​

Жұмыста бір тәулік болу керек болса да, Анастасия физикалық емес, моральдық тұрғыдан қиын екенін айтады. Көптеген адамдар дүрбелеңге ұшырайды. Олар оқиға мекенжайы мен не болғанын айтпай жатып, айқайлап, тез келуді сұрайды.​ Анастасия Масееваның айтуынша радиотелефонист стресске төзімді және ұқыпты болуы тиіс. Анастасия ең алғашқы өртін: - Бұл өрт кезінде адам қайтыс болды, неге екенін білмеймін, бірақ бұл оқиға ұзақ уақыт есімнен кетпеді. Осында орналаспас бұрын, адамның өмірі мен өлімі туралы еш ойланбайтынмын», – деп еске алады.​ Радиотелефонисттің есінде қалған тағы бір қиын күндердің бірі 2022 жылы болған бір күнде қатарынан үш өрт, уақыт аралығы қысқа, ал ауқымы үлкен.  Жұмыста Анастасияны жұбайы Максим қолдайды. Отбасы екі қыз баланы тәрбиелеп отыр. Күнделікті өмірде спорт жаттығулары жақсы сергітеді. Кез-келген әйел заты сияқты Настяның да армандары бар. Оның бірі Парижге бару. – Романтикалық кешкі ас, Эйфель мұнарасы...

Анастасияның барлық армандары орындалсын деп тілейміз!