
Өрт сөндіру бөліміндегі жұмыс бүкіл ұжымның үйлесімді жұмыс жасауын талап етеді, ал диспетчер осы команданың ажырамас бөлігі болып табылады, яғни диспетчер адамдарды құтқару бойынша атқарылатын жұмыста маңызды рөл атқарады және көбінесе бұл жұмысты нәзік жанды батыл қыздар орындайды, құтқарушылар шақыру орнына қаншалықты тез келетіні де диспетчердің кәсіпқойлығына байланысты. Шын мәнінде, ол өрт сөндірушілер мен қиын жағдайға тап болған адам арасындағы дәнекер рөлін атқарады. Сондай қыздардың бірі Белоусовка кенті 24-ӨСБ жұмыс істейтін радиотелефонист Нұрсеитова Шынар.
«Бала кезімнен бері форма киген адамдар менің көзіме ерекше жылы көрінетін, өйткені маған олардың бойындағы тектілік пен ержүректік бірден сезілетін. Бұл менің бала кезгі арманыма айналды. Арманыма қол жеткізем деп, 2007 жылы азаматтық қорғау жүйесіне радиотелефонист лауазымына қызметке келдім және осы күнге дейін өз таңдауымның дұрыс-бұрыстығына бір сәтке де күмәнданғам жоқ. Иә, біздің жұмыс оңай емес, өйткені біреудің өмірі сенің іс-әрекетіңе тікелей байланысты болуы мүмкін. Біздің жұмыста артық эмоцияларға да берілуге болмайды, өйткені біздің міндетіміз - адамға көмектесу, оның өмірін қорғау. Қызметте біз бірінші кезекте қызметкер екенімізді жиі естиміз және әр нәрсені ер әріптестерімізбен тең дәрежеде орындауға міндеттіміз, бірақ қиындықтарға қарамастан, мен өз таңдауыма ризамын және өмірде өз орнымды таптым деп сенімді айта аламын. Біздің ӨСБ-нің ұжымы өте тату, ұйымшыл және сенімді адамдардан құралған», - дейді Шынар.
Қызмет көбінесе адамдарды байланыстырады, Шынардың жолдасы да көп жыл өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы болып қызмет атқарған. Кім білсін, мүмкін бұл отбасы жаңа бір құтқарушылар династиясының бастамасы болар?