Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан ШҚО-да 800 аса тонна жем-шөп жанып кетті

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан ШҚО-да 800 аса тонна жем-шөп жанып кетті

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері  орын алған  өрттің нәтижесінде 800 аса тонна шөп өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер  өртті  ірі шем-шөп сақталатаны ашық алаңда ғана емес, сонымен қатар   пішен сарайдың алаңында да жояды.

Соңғы өрттің бірі Зайсан ауданында орын алды. Өрт сөндірушілер Қаратал ауылындағы жалынды ауыздықтады. Жалын 3 тонна жем-шөпті  және жаңатын тіркеменің детальдарын шарпыды. Өрт сөндірушелер 25 ш.м. алаңдағы өртті жойды.

Жем-шөп сақталатын орындарда өрттің шығуының басты себептерінің бірі болып отты абайсыз пайдалану, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау табылады.

"Өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен және жұмыскерлерімен, саяжай алаптарының тұрғындарымен тұрақты негізде нұсқаулықтар, жиындар өткізіледі, үгіт - насихат материалдары таратылады", - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

ШҚО ТЖД келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін ұсынады:

- Кебендерді орналастыруға арналған алаңдарды периметрі бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жырту қажет.

- Жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс.   

- Мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал престелген шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс.

- Жеке қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы қашықтық кемінде 20 метр болуы тиіс.

- Ірі жемшөптер қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстар мен орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта, бөлінген белдеулер мен темір жолдардың күзет аймақтарынан, автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеулерінен және әуе электр беру желілерінің күзет аймақтарынан тыс жерлерде орналастырылады.

- Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс.