
Өскемен қаласындағы Новаторлар көшесінде ер адам коллекторға құлап кеттті. Зардап шегушіні байқаған куәгердер көмекке құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына жедел келіп жеткен ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасақ қызметкерлері 2 метрдей шұңқырға шабуыл сатымен түсіп, ер адамға «қамаудан» босауына көмектесті. Денсаулығына еш қауіп жоқ, дәрігерлердің көмегі қажет емес. Кейін белгілі болғаны ол қауіпті учаскені байқамай қалып, құлап кеткен екен.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарлаңыз