
Жылыту маусымы қарсаңында Глубокое ауданының ТЖ бөлімі мен өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері аудан тұрғындарының тұрғын үйлеріне 24 улы газ датчигін орнатты және бұл қайырымдылық акциясы жалғасатын болады.
Улы газ датчиктері адамдардың улы газбен өліміне және улануына жол бермеу мақсатында орнатылады. Негізгі адресаттар көп балалы отбасылар және мүгедектер бар отбасылар болып табылады.
Өткен кезеңде аудан аумағында 239 датчик орнатылды және жылыту маусымына дейін тағы 889 датчикті орнату жоспарлануда.
Сонымен қатар, ауданда жыл басынан бері улы газбен улану салдарынан 1 адам қайтыс болды. Датчиктің іске қосылуы нәтижесінде 4 баланың өмірі уланудан аман қалды.
Глубокое ауданының ТЖБ алдағы жылыту кезеңінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында: жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеу, түтіндіктерді айына кемінде бір рет тазалау; пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу; пеш оттығын үйден шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын тоқтату және тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екенін еске салады.