Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Департамент қызметінің маңызды бағыттарының бірі

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Департамент қызметінің маңызды бағыттарының бірі

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Департамент қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Мәселен, 2022 жылғы 22 қыркүйекте МӨББ бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Нұржан Өміржанов және ТЖАБ бас маманы азаматтық қорғау майоры Дина Бексұлтанова облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысына қатысты. Департамент мамандары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған балалар арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау, соның ішінде улы газбен улану және терезеден құлау бойынша алдын алу шараларына қатысты мәселені қозғады.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғаларды болдырмауға көмектесетін белгілі бір ережелерді сақтау қажеттілігіне назар аударады:
1. Егер үйде бала болса, ешқашан терезелерді ашық ұстамаңыз
2. Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, балалардың төсекте немесе терезелердің жанында орналасқан басқа жиһаздарда ойнауына жол бермеңіз.
3. Ешқашан москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған!
4. Мүмкіндігінше, терезелерді (желдеткіштерді) төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
5. Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторлар (арнайы бекіткіштер) орнатыңыз!!!!
Жоғарыда келтірілген ұсыныстарға сүйене отырып, Сіз апаттың алдын алып, үлкен апаттан аулақ бола аласыз!