
Өскемен қаласының "101" қызметіне Сағдат Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан дүңгіршектен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел келіп, өрт сөндірушілер түтінделген үй-жайдағы 3 шаршы метр алаңда жанып жатқан электр сымдарының жануын тоқтатты. Мамандар жануға әкеп соққан қысқа тұйықталу нұсқасын қарастыруда. Автоматты өрт дабылы уақытында іске қосылды. Зардап шеккендер жоқ. Дүкенде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан еді, онда тауар болған жоқ. Өртті сөндіруге 3 бірлік техника және жеке құрамнан 12 адам тартылды. ШҚО ТЖД нысандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы еске салады. Бұзушылықтарды уақытында жою және электр сымдарын уақтылы дұрыс күйге келтіру қажет. Өрт бойынша 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау керек