Күз-жоғары оқу орындарына түсуге дайындық уақыты

Күз-жоғары оқу орындарына түсуге дайындық уақыты

Күз-келесі жылы оқуды жоспарлау, оқу орнын таңдау және оқуға түсуге дайындық уақыты. Әр отбасының өмірінде өсіп келе жатқан жастар ата-аналарымен бірге мектептен кейін өмір бойы жұмыс істейтін мамандықты игеру үшін қайда бару керектігі туралы ойланатын кез келеді. Қоғамда әрқашан өз өмірін қоғамға қызмет етуге және адамдарға көмектесуге арнаған мамандықтар бағаланды. Көп нәрсе жас жігітке, оның қалауына, ұмтылыстарына байланысты.   
ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын бітірудің ерекшелігі кепілдік жұмысқа орналастыру, әлеуметтік кепілдер, жақсы шәкіртақы мен азаматтық қорғау лейтенанты шені.
Азаматтады Академияға  күндізгі оқу  түріне қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы үміткерлердің жеке істерімен  танысады, екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға  түсуге  денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі,  үшінші кезеңде  үміткерлер бекітілген Нормативтерге сәйкес дене шынықтыру  дайындығы бойынша  сынақтар тапсырады,  төртінші кезеңде  қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу және курсанттар қатарына қабылдайды,  сонымен қатар шет елдердің  бейінді оқу орындарына іріктеу жасайды. Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстаннан М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына 9 адам оқуға түсті. Оның 7 академия курсанттары болды және қазіргі уақытта құтқарушылар мен өрт сөндірушілер мамандығын игеруде.
Шетелдік жоғары оқу орындарына іріктеуден өтіп Шығыс Қазақстан облысының екі үміткері Ресей Федерациясының аумағында оқиды. Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетінде және Ресей ТЖМ азаматтық қорғау академиясында.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі