ШҚО ТЖД қызметкерлері жертөлеге құлап қалған ер адамға көмекке келді

ШҚО ТЖД қызметкерлері жертөлеге құлап қалған ер адамға көмекке келді

20 қыркүйекте таңертеңгі 9 шамасында Өскемен қаласындағы Громов көшесінен «112»-ге қоңырау түсті. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД құтқарушылары жертөлеге құлап қалған 1946 жылы туған ер адамды көрген. Ол жертөлеге түсіп келе жатып құлап кеткен және өздігінен шыға алмай көмек сұрап айғайлаған. Куәгерлер дауысты ести салысымен құтқарушыларды  шақырған.

«Құтқару арқанының көмегімен ер адамды абайлап сыртқа көтеріп шығардық. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақаты жоқ деді. Тек аяғы қатты ісіп кеткен» - дейді ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ құтқарушысы Дастан Жабағинов.

Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі