Темекі шегу өртке әкелді.

Темекі шегу өртке әкелді.

17 қыркүйекте Зайсан қаласының 25-ӨСБ құтқарушыларына Жангелдин көшесінде орналасқан екі қабатты үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бірінші кезекте пәтер иесін түтін аумағынан шығарып, 12 шаршы метр аумақта жануды жойды. ҚР "Әкімшілік бұзушылық туралы" Кодексінің 410-бабын бұзғаны үшін кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, көптеген адамдар төсекте темекі шегуді жақсы көреді, дегенмен төсек-орынға түскен күл немесе матрацта қалдырылған   темекі тұқылы санаулы минуттардың ішінде жалынға оранып, бүкіл үйді құртуы мүмкін екенін біледі. Алайда темекі шегушілер жағдай олардың бақылауында деп санайды. Бықсыған темекі тұқылы бірден сезілмейді, әдетте өрт басталған сәтте адам ұйықтап үлгіреді.Бықсыған кезде бөлінетін улы газ ұйқышылдықтың күшеюіне ықпал етеді, нәтижесінде ұйықтап жатқан адам басталған өртті байқай алмайды және өзінің құтқарылуына шаралар қабылдай алмайды.

       ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Тұрғын үй-жайларда темекі шегуге жол бермеңіз. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.