
Ұлан ауданы Асубұлақ кентіндегі №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дастан Сейілғазиновтың жұмыс күні ауданда және бөлімшеге бекітілген 65000 Га алқаптағы орман аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басталады. Өрт қауіпті кезеңнің 8 айы бойы ол жағдайды өзі қадағалап, дрезина вагонына отырып алып оншақты шақырымды еңсеріп, орманшылармен бірге әр учскені қарап шығады. Қауіптің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана бөлімге оралады.
Дастан отпен күрес саласында 14 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Бірнеше күрделі өрттерді сөндірді. "Көбінесе орман аймағында отпен күресуге тура келеді, кейде 140 шақырымды жүріп өтуге тура келеді. Жақында орман шаруашылығы ауданындағы учаске өртеніп, қызметкерлердің өздері оны жеңе алмасын бізді көмекке шақырды. Келген бойда, егер уақытында сөндіруге кіріспесек, жоғарғы өртке ұласар еді. Барлық күшті жұмсадық, отпен күресте жеңіп шықтық", - дейді Дастан Сейілғазинов. "Бірде 4 үйде өртенгені есімде, біз жеткен кезде үйлерді құтқару мүмкін болмады, алайда біз оттың одан әрі таралуына жол бермедік. Қатты жел соғып тұрды. Өмірімізді тәуекелге байлап оттың ортасынан 9 газ баллонын алып шықтық. 2018 жылы Приморск орманшылығындағы орман өртін жоюға қатыстық, онда 700-ге жуық адам оттан қорғады. Мен ол кезде бөлімше командирі едім".
Дастан тек өрт сөндіруші ғана емес, моторшы және өзінің "алтын қолымен" бірнеше өрт сөндіру көлігін жөндеген.
"Мен өз мамандығымды және адамдарға көмекке келетін техниканы өзім жөндей алатындығымды мақтан тұтамын. Жақында "Урал" өрт сөндіру "ГАЗ-66" көлігін ретке келтірдім", - деп бөлісті Дастан.
Игі іске жоғары қызығушылық таныта отырып, Дастан Шығыс Қазақстан облысының әріптестері мен гарнизонының құрметіне ие болып, өзіне сенім артуға болатын өрт сөндіру қызметінің лайықты қызметкері екенін көрсетті.
- Сіздің ойыңызша, өрт сөндірушінің басты қасиеттері қандай болуы тиіс?
Міндетті түрде батылдық, батырдық, стресске төзімділік, әрқашан көмектесуге дайын болу керек. –
Өртті сөндіру қорқынышты ма?
Ең бастысы, болған жағдайды дұрыс бағалау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, эвакуацияның қысқа жолдарын анықтау. Содан кейін бәрі техникалық жағыан да әрі қорқынышсыз жасалады. Кейде магистральды желі салуға, оқпан беріп үлгермесек те ГТҚҚ буыны тыныс алу аппараттарын киіп, адамдарды құтқаруға - отқа кіріп кетеді, ол өзі туралы және оның сезімдері туралы ойлауға уақыты жоқ, мақсаты - зардап шеккендерге көмек көрсету деген ой толығымен өрт сөндірушілерді жаулап алады. Бөлім бастығы жеке құрам үшін барлық жағдайды қамтамасыз етіп, жауынгерлерді өрт ісінің шеберлігіне үйретуі тиіс.
- Сіздің отбасыңыз осындай қауіпті жұмысқа қалай қарайды?
Егер шынын айтсам, көптеген жылдар бойы отбасы бұрыннан үйреніп қалған, ол жай жұмыс сияқты көрінеді, жаман ойлардың келуіне жол бермейді. Мен үш баланы тәрбиелеп отырмын, олардың үлкені үшінші сыныпқа барды.
- Медальдар, грамоталар бар ма?
"3-сыныпты құтқарушы" төсбелгісі, ШҚО ТЖД басшылығының грамоталары, 10 жылдық қызметі үшін медалі бар.
- Өрт кезіндеші қиын сәттерде қандай ойда боласыз?
Өзім туралы ойламайтыным анық. Барлық ойлар бір нәрсеге бағытталған: адамдардың өмірі тәуелді болатын жұмысты тез және уақтылы орындау. Дастан Сейілғазиновтың басшылығымен 23 адам адам өмірін құтқарып, еңбек етуде.