
Өскеменде құтқарушылар үлпекке көмекке келді. Марғау шамамен 25 метр биікке шығып алып, түсе алмай қалған екен. Оны Жаңа Согра ауданының тұрғыны Сергей Сидоров деген азамат байқап қалған. Жануардың күні бойы биік ағашта отырып, түсе алмасын байқаған соң ол ШҚО ТЖД қызметкерлеріне көмекке жүгінген. Оқиға орнына келген соң №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Александр Овчинников автосатыны жайып, төртаяқтыға қарай көтерілді. «Марғаудың қорыққаны соншалық тіпті өзіне көмектесуіне қарсыластық танытпады. Операция сәтті аяқталды. Жануар қазір толық қауіпсіз жерде» - деді Александр Овчинников. ШҚО ТЖД төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажеттігін ескертеді