
Суық түскен кезде өрттердің саны ғана емес, сонымен бірге улы газбен улану саны да артады, бұл жиі адамдар өліміне әкеліп соғады.
Улы газды жиі «үнсіз өлтіруші» деп те атайды – оның түсі, иісі болмайды, ешқандай сезім туындамайды, оның құрбаны үшін ол сол байқаусыз күйінде қалады. Сонымен бірге газ ауамен араласып, уландыратын қасиетін жоғалтпастан тез тарайды.
2022 жылғы қыркүйек айының басынан бері Шемонаиха ауданында есепте тұрған аз қамтылған 87 отбасына көмірқышқыл газын анықтау құралдарын орнату жұмыстары басталып кетті. Датчиктер оратылып жатқан тұрғын үйлердің тұрғындарына датчиктердің жұмыс істеу принципі түсіндірілді.
Сонымен қатар,жергілікті атқарушы органмен бірге улы газбен улану қатерінен сақтау үшін Шемонаиха ауданының көп балалы отбасылары мен жалғызбасты қарттар тұратын үйлер үшін жақын арада қосымша 200 улы газды анықтайтын датчиктері сатып алынады.