Өрт сөндірушілер өткен тәулікте тұрғын үйдегі өртті жойды, газ баллонын алып шықты және комбайндағы өрті өшірді

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте тұрғын үйдегі өртті жойды, газ баллонын алып шықты және комбайндағы өрті өшірді

12 қыркүйекте 16 сағат 38 минут шамасында Шемонаиха ауданының өрт сөдірушілері Шемонаиха қаласы Геологическая көшесінде үйдің ағаш құрылымындағы кіре беріс пен шатыр 50 шаршы метр көлеміндегі өртті жойды. Анығына жеткенде, электр сымдар тұтығының ақаулығы орын алып сол кезекте от кіре беріс пен үй шатырының ағаш құрылымдарына таралып кеткен. Өртті көршілер байқады, кейін 101 қызметін шақырыды және үй иелеріне хабарлады. Жанып жатқан кіре берістен шығу мүмкін емес болғандықтан, адамдар үйден терезе арқылы шықты. Өрт сөндіру қызметкелерімен өрт толықтай жойылды. Жанап жатқан бөлмеден гоз баллоны шығарылды. Өртті жоюға барлығы 7 адам жеке құрам мен 3 автоцистерна жұмылдырылды. Өрттің себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу.
13 қыркүйекте 04 сағат 52 минутта Ново-Троицкое кентінде шаруа қожалығының аумағында тұрақта «Essil 750» комбайнның қозғалтқыз бөлімінің жанғыш бөлшектері, салоны және дөңгелектері шанып кетті. Келіп жеткен өрт сөндіру бөлімімен от 25 шаршы метр аумағынжа жойылды. Өртті жоюға барлығы 2 автоцистерна мен 8 адам жеке құрам жұмылдырылды№ Өрттің шығу себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігін еске салады
- шаруа қожалықтарына, ең алдымен 4 метрден кем емес қорғаныз минерализанданған жолақтарды орындау;
- шаруа қожалықтардың қызметкерлерімен қауіпсіздік техникасы бойынжа нұсқаулар ұйымдастыру;
- өрістерде жұмыс жасайтын техниканы өртке қарсы инвентарь мен бастыпқы өрт сөндіру құралдырымен жабдықтау керек.
Жинау агрегаттары – ек өрт сөдіргішпен, екі штык күрекпен және екі сыпырғымен, тракторлар – бір өрт сөдіргішпен, бір штык күрекпен және ұшқын сөндіргіш орнатылады.
Өрт болған жағдайда шұғыл түрде 101 және 112 нөмірлеріне хабарлаңыз.