
Құрметті тұрғындары! Тұрғын үй ауласында, қожалық учаскелерiнде ірі жем-шөптердi жинау және дайындау кезінде өрт қауіпсіздік шарасын ұмытпағаныңыз жөн.
Естеріңізде болсын: Аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта болуы қажет. Көрсетілген қашықтықта ірі жем-шөптердi жинау мүмкiн болмаған кезде, жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтық 5 метрге дейiн қысқартылады.
1) қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстарының шатырларына жинауға;
2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына жинауға;
3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта жинауға;
4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмелелерді, маяларды, сабан және басқа да iрi жем-шөптердi орналастыруға жол бермеңіздер!!!
Iрi жем-шөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асырылады, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.
Iрi жем-шөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықталады.
Iрi жем-шөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады.
Отпен жұмыс істегенде ойланбай, жеңілдікпен жауапсыз қарауға жол бермеңіздер!
Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336 бабы бойынша:
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Өрт болған жағдайда «101» телефонына қоңырау шалыңыз, өзіңіздің аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды айтуды ұмытпаңыз!