Өрт қауіпті кезеңінде сақтық шараларын сақта!

Өрт қауіпті кезеңінде сақтық  шараларын сақта!

Күзгі өрт қауіпті кезең басталған сәттен бастап, аудан аумағында құрғақ шөптің жану фактілері жиілей түсті. Өткен демалыс күндері осындай өрт оқиғалары көптеп тіркелді. Осыған байланысты Зайсан ауданының ТЖБ қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді. Атап айтқанда, тұтанған сіріңкелерді, темекі тұқылын құрғақ шөпке лақтырмау қажет. Үй айналасын мүмкіндігінше шөптен тазалап отыру керек.

Үй шаруасында бөшкеге немесе басқа да ыдыстарға су қорын жинақтап, өрт сөндірушілер келгенге дейін алғашқы өрт сөндіру іс-әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік жасаған жөн.

Құрметті аудан тұрғындары! Жоғарыда аталып өткен кез-келген себеп өрттің болу қаупіне себеп болатынын ескере келе қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамай, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

Орман және дала алқаптарында кез келген алқаптың немесе орманның жануын байқасаңыз, бейжай қалмаңыз, қолда бар құралдармен жоюға тырысыңыз, сондай-ақ «101» немесе «112» телефонына қоңырау шалыңыз.

 

Зайсан ауданының ТЖБ