
10 қыркүйекте түнгі сағат 02 шамасында Риддер қаласындағы Семей көшесінде өрт шықты. Жеке тұрғын үйдің ауласында "Volkswagen Golf" маркалы автомобильдің бөлшектері жанып кетті, өрт веранданың ағаш конструкцияларына, қабырғаларға, ішінара тұрғын үй мен шаруашылық құрылысының төбесіне де жайылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін үйдің жанынан өтіп бара жаткан Самат Берік пен Алексей Лещенко 1962 жылы туған үй иесін және 1962 жылы туған оның әйелін құтқарған. Өрт сөндіру қызметінің келіп жеткен бөлімшелері жалпы ауданы 35 ш. м. өрт сөндірді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 9 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану.
ШҚО ТЖД облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін ескертеді:
- қосылған электр және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз
- отты абайсыз қолдануға жол бермеңіз
- бір розеткаға бірден бірнеше қуатты тұрмыстық электр аспаптарын қоспаңыз
- зауытта жасалмаған электр сақтандырғыштарды ("жучков") және қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбаңыз
- жертөлелер мен шатырларда жанғыш сұйықтықтар мен материалдарды сақтамаңыз
Өрт болған жағдайда 101 және 112 телефондарына қоңырау шалыңыз