
09 қыркүйек күні сағат 16.21-де Өскемен қаласының Жастар көшесінде құтқарушылар шақыртуға келді. Белгілі болғандай, 2005 жылы туған балаға көмек қажет болды. Ол киген сақина кептеліп |қалып, саусақ ісіп кеткен еді. ШҚО ТЖД қызметкерлері бірнеше әдісті қолданып көрді, алайда сақина шешілмеді. Содан кейін саусақты уқалай отырып, сым кескіштердің көмегімен зергерлік бұйымнан қауіпсіз түрде құтылуға мүмкіндік болды.
Екінші қоңырау Қабанбай батыр көшесінен 21 сағат 33 минутта келіп түсті. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері аулада ойнап жүрген баланың саусағы жүгіретін барабанда қыстырылып қалғанын көрді. Барабанды жылжып кетпеу үшін оны бекітіп, шанц аспабының көмегімен ТЖ қызметінің қызметкерлері 2015 жылы туған баланың саусағын абайлап босатты.
ШҚО ТЖД ата-аналарға қырағылық пен балалармен үнемі болу қажеттігін ескертеді.
Оқиғалар тек балалардың жалғыз қалуынан болады.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.