Шығыс Қазақстан облысындағы өрт жағдайы

Шығыс Қазақстан облысындағы өрт жағдайы

Алтай ауданындағы "Зырян орман шаруашылығы", Быковское орманшылығы КММ аумағында шөп пен  бұталар жанды.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жетуі қиын таулы жерлермен күрделенген. Өрттің алдын ала аумағы 700 га. елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, Орман шаруашылығы, Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның 300 адамы мен 22 техникасы жұмылдырылды.

Өртті сөндіруге су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған. Жеке құрамды биік таулы жерлерге жеткізу үшін 3 су ағызу, 5 көтеру жүзеге асырылды.

Күршім ауданы аумағында  Марқакөл орман шаруашылығы" РММ  Төсқайың ауылынан 10 шақырымдағы  Бобровка орманшылығының және Төсқайың аувлдық округінің аумағында  шөптер, бұталар мен ағаштар өртенді.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру қиын таулы жерлермен күрделенген. Өрттің алдын ала аумағы 1 300 га. елді мекендерге қауіп жоқ.  Жоюға ШҚО ТЖД, Орман шаруашылығы, Жергілікті атқарушы органдардың 278 адамы мен 34 техникалық бірлігі жұмылдырылды.

Өртті сөндіру үшін жеке құрамды жету қиын жерлерге жеткізу және сөндіру үшін су-ағызу құрылғысы бар МИ-8 жұмылдырылды. Өрт болған жерді ұшып өту үшін ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару Еурокоптері жұмылдырылды.

Катонқарағай ауданы: Алтынбел ауылынан 8 шақырым жерде, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында құрғақ шөп, бұта өртенді. 07.09. 12-00-де жүргізілген ұшудан кейін өрттің ауданы алдын ала 500 га құрайды, елді мекендерге қауіп жоқ.

Жоюға ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның 96 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.

Қазавиаорманқорғау Ми-2 және АН-2 тікұшақтары іске қосылды.  

Глубокое ауданы: 07.09. Каменный карьер ауылынан 01-1 км жерде алдын ала 60 Га алаңда құрғақ шөп, бұта өртенді.  14-35-тен "Шығыс" ӨңҚ күшімен адамдарды тұрғын үйлерден эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта 100 үйден 50 адам эвакуацияланды, олар туыстарына кетті (Өскемен қ.). 
Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, полиция, орман шаруашылығы, "Шығыс" ӨңҚ және 27943 ә/б-нан 481 адам және 54 бірлік техника, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.   07.09-да. 17-19 өрт болған жерді аэровизуалды тексеру үшін МИ-171 (Қазавиақұтқару) ұшып шықты.

Тарханка а., алдын ала 30 Га алаңда ашық аумақта құрғақ шөп өртенді.
Жоюға 53 адам және 13 техникалық бірлік, ШҚО ТЖД, республикалық оқу орталығы, орман шаруашылығы, Жергілікті атқарушы органдар және
Ахмер полигоны 07.09. Айыртау а/о,  Ақтас учаскесінде әскери бөлімнің полигон аумағынын сырт жағында  шөптер, бұталар жанды.  

Жоюға ШҚО ТЖД, әскери бөлім, полиция және жергілікті атқарушы органдардан 156 адам мен 11 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала аумағы 35 га. елді мекендерге қауіп жоқ.