ШҚО Глубокое ауданында құрғақ шөп пен бұта өртенді

ШҚО Глубокое ауданында құрғақ шөп пен бұта өртенді

07 қыркүйек күні түнгі сағат бір шамасында Глубокое ауданында, Каменный карьер ауылының маңында құрғақ шөп, бұта өртенді.

 Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 35 га құрайды, жоюға ШҚО ТЖД, ЖАО, орманшылар, полиция жеке құрамының 19 техникасы мен 138 адамы жұмылдырылған. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

ШҚО ТЖД өңірде өрт қаупі сақталып отырғанын еске салады. Азаматтар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы қажет. Орманды дала аймағында болуды шектеңіз. Шөпті жағуға  жол бермеңіз. Саяжай учаскелерінде өте мұқият болу және отпен абайсызда болуға жол бермеу керек.

Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау керек.