Алтай ауданында орман шаруашылығы аумағындағы ортенген шөптер мен бұталарды сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Алтай ауданында орман шаруашылығы аумағындағы ортенген шөптер мен бұталарды сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жетуі қиын таулы жерлермен күрделенген.  Алдын ала өрт аумағы 400 Га. Көзбен шолып тексеру үшін Қазавиаорманқорғау АН-2 ұшағы жұмылдырылды.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Жоюға ШҚО ТЖД, Орман шаруашылығы,
ЖАО-ның 300 - ге жуық адамы мен 24 техникасы жұмылдырылды.

Сөндіруге суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. 2 ағызу жүзеге асырылды (жалпы көлемі 6 тонна су).

ШҚО ТЖД-да және өрт орнында жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде.