Бір тәулік ішінде Шығыс Қазақстанның өрт сөндірушілері Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласындағы тұрғын үй секторындағы өрттерді сөндірді

Бір тәулік ішінде Шығыс Қазақстанның өрт сөндірушілері Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласындағы тұрғын үй секторындағы өрттерді сөндірді

31 тамызда Риддер қаласында Гризодубов көшесінде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте үй, сондай-ақ монша мен қоршаудың ағаш конструкциялары өртеніп жатқан. Өртке қарсы аралықтың болмауы салдарынан өрт көрші учаскеде орналасқан гараждың төбесіне жайылған.  77 шаршы метр алаңға тараған өртті өрт сөндірушілер толығымен сөндірді, оған  4 бірлік техника мен жеке құрамнан 12 адам жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі-электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

31 тамызда Катонқарағай ауданы, Малонарым ауылы, Қонаев көшесіндегі тұрғын үй ауласында шаруашылық құрылыстарының ағаш құрылымдары жанған, одан тараған жалын 4 текше метрге отын мен 5 тонна көмірге шапқан. Өрт сөндірушілер 30 ш.м. алаңда өртті толық сөндірді, сөндіруге 1 бірлік техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.

ШҚО ТЖД тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады. Отпен абайсыздыққа жол бермеу және бұзушылықтарды уақытында жою қажет. Өртке қарсы аралықтарды сақтаңыз және ешқандай жағдайда оларды өрт қауіпті материалдарды сақтау үшін пайдаланбаңыз. Өрт кезінде тәртіп ережелерін есте сақтаңыз.  Егер алғашқы минуттарда сіз отты тоқтата алмасаңыз "101" қызметін шақырып және түтіндеген үй-жайдан шұғыл кетуіңіз қажет. Сіздің мүлкіңізді ең жақсы қорғау өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт сөндіргіш сияқты алғашқы өрт сөндіру құралдарын ұстау болып табылады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап ШҚО - да тұрғын үй секторында 344 өрт тіркелді, негізгі себеп - халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы-131 жағдай және пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себебінен 84 жағдай.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі