Өрт сөндірушілер футбол жарысында тамаша ойын мен жеңіс көрсетті

Өрт сөндірушілер футбол жарысында тамаша ойын мен жеңіс көрсетті

Өскеменде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен Қала күніне орай құқық қорғау органдары арасында футболдан жарыс өтті. Оңайға соқпаған бұл күрес нәтижесінде ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілерінің құрама командасы бірінші орын мен әкімінің кубогына ие болды.
Жарысқа 8 команда қатысты. Номинациялар бойынша да құтқарушылар тамаша нәтиже көрсетті.«Үздік қорғаушы» – Тимур Оралбеков, «Үздік бомбардир» – Аслан Советов.
«Футбол – күштілер мен батылдардың ойыны. Өрт сөндірушілердің үнемі дене шынықтыру дайындығы, кедергілерді жеңу және шапшаңдығының арқасында жеңіске жетуде үлкен рөл атқарып, қарсыласқа ең көп гол соғуға мүмкіндік берді», - деді ШҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.