Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарының басшылығымен кешенді оқу-жаттығулар өткізілуде

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарының басшылығымен кешенді оқу-жаттығулар өткізілуде

Алтай ауданында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындығы мен қабілетінің деңгейін арттыру мақсатында ауданның басқару органдарының, күштері мен құралдарының қатысуымен Шығыс Казақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарының басшылығымен кешенді оқу-жаттығулар өткізілуде.
"Негізгі назар ТЖ кезінде азаматтық қорғау қызметтерінің жедел әрекет етуін пысықтауға аударылды. Дәл осы қызметтер мен жергілікті атқарушы органдардың іс - әрекеттері бірінші кезекті және шешуші болып табылады, өйткені Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған аумақтардың әкімдері ТЖ жою басшысы болып табылады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Авариялық-құтқару қызметтерінің жұмысы, минералдандырылған жолақтарды құру және өзен арналарын тереңдету және бөгеттерді төгу бойынша жұмыстар іс жүзінде көрсетілді.
Оқу-жаттығуларға қатысушыларға қар көшкіні кезінде ден қою және трассада тұрып қалған жүргізушілерге көмек көрсету, су құбырының жарылуын жою, дауыл салдары және кентте электр энергиясын өшіру, орман алқабының жануы, су тасқыны салдарынан су басу кезіндегі іс-әрекеттер пысықталған кіріспе тапсырмалар берілді. Осы төтенше жағдайлардың барлығы ауданға тән төтенше жағдайларға сәйкес таңдалды.
Оқу-жаттығу 2022 жылдың 27 тамызына дейін жалғасады.