Әріптестердің ерлігі мәңгі есте

Әріптестердің ерлігі мәңгі есте

2022 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғадан тура бір жыл өтті. Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімінде болған жарылыс азаматтық қорғау органдары тарихындағы ең үлкен жазатайым оқиғалардың бірі болды және 10 қызметкердің өмірін қиды.
Ер есімі ел есінде. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге ескерткіштер мен обелисктерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға ШҚО ТЖД жеке құрамы, ардагерлер кеңесі, Департамент басшылығы қатысты.
Сондай-ақ, бұл күні ШҚО ТЖД бөлімшелерінде қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі – сіздің жұмысыңыздың еңбегі. Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға үлкен жауапкершілік жүктелген, ол көбінесе қауіп-қатермен байланысты. Сіздің есебіңізде-бір құтқарылған өмір емес. Өкінішке орай, біздің әріптестеріміз қызметтік міндеттерін өз өмірлерінің бағасымен орындайды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі