
ШҚО ТЖД Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлері Зайсан ауданының әкімшілік ғимаратында Зайсан ауданы әкімінің м.а. Р.А. Тауасаров және ауылдық округ әкімдерімен «Өрт қауіпсіздік кезеңі», «Егін, шөп жинау кезінде ережелерді сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аудан көлемінде болатын дала және тұрмыстық өрттердің алдын алу, уақытында өртті өшіру, автокөліктерді қалыпқа келтіру, керекті жабдықтармен толықтыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдеріне шөп жинау кезінде өртті болдырмау үшін, өрт қауіпсіздік ережесін сақтау керектігі, өрттің алдын алу жұмыстары шаруашылық басшылары және жеке тұлғаларға тікелей жауапкершілік жүктелетіні ескертілді.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғын үй секторына 2022-2023 ж. жылыту кезеңіне улы газ, табиғи газ, түтін датчиктерін сатып алу үшін аудандық бюджеттен қаражат қарастыру мәселесі қозғалды.
Кездесуді қорытындылай осы бағыттағы түсіндірме шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.