
Су айдындарындағы төтенше оқиғаларға жедел ден қою, іздестіру және құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігі мақсатында, дала және орман өрттерін анықтау және нақтылау үшін, ақпараттың дұрыстығы және деректерді нақтылау мақсатында, су тасқыны қаупі бар жерлерді мониторингілеу үшін, Катонқарағай ауданының әкімдігі атынан әкімнің орынбасары Р. М. Қарабалинов Катонқарағай ауданының ТЖБ теңгеріміне жұмыста пайдалану үшін дрон (квадрокоптер) ұсынды.Катонқарағай ауданының әкімдігіне квадрокоптер ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Дронды қолдану арқылы құтқарушылар, ауадан аумақты тез және оңай іздей алады, нақты уақыт режимінде іздестірілген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат бере алады және басқа да көптеген құтқару жұмыстарын жүргізе алады.