
25 тамызда таңғы сағат 09 шамасында Өскеменде Сиреневая көшесіндегi тұрғын саяжай үйінде өрт өрт шықты. ШҚО ТЖД бөлімшелері келгенге дейін 2 газ баллоны жарылды (олардың бірі верандада, екіншісі шатыр болған).
Нәтижесінде өрт шатырдың ағаш құрылымдардың ауысты. Құтқарушылар 100 шаршы метр алаңдағы өртті толығымен жойды. Өртті сөндіруге 4 техника мен жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді:
- Үй иелері өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарын уақытылы жоюы тиіс
- Отты абайсыз пайдалануға жол бермеу қажет
- Ешқандай жағдайда іске қосылған электр құралдарын жанғыш заттар мен ағаш құрылымдарға жақын орналастырмаңыз.
- Тозған электр сымдарын пайдалануға жол бермеу қажет.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі